«Лукоморье: Пушкин ертегілері әлемінде»

05.06.2026 14:14 Администратор библиотеки
«Лукоморье: Пушкин ертегілері әлемінде»

Оқушылар сарайы, Ш. Уәлиханов атындағы мектеп-гимназия және Е. Бөкетов атындағы ЖББМ жанындағы лагерь тәрбиеленушілері №13 балалар кітапханасы-филиалы ұйымдастырған «Лукоморье: Пушкин ертегілері әлемінде» атты әдеби ойын-саяхатқа қатысты. Балаларды Пушкин ертегілерінің тылсым соқпақтары бойымен ерекше саяхат күтіп тұрды. Қатысушылар ақынның ертегілері бойынша дайындалған қызықты жұмбақтар мен викториналық сұрақтардың жауабын тауып, «Пушкин кроссворды» байқауында өз білімдерін сынады. Сонымен қатар, «Балықты ұста», «Даңқты Салтан патшалығы», «Ертегілік пазл» және «Ертегілік креатив» атты көңілді сайыстарға белсене қатысып, тапқырлықтары мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Сонымен қатар, балалар үшін «Беймәлім соқпақтармен...» атты кітап көрмесіне шолу ұйымдастырылды. Іс-шара ертегі мен ғажайыпқа толы көңілді атмосферада өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, ұлы ақынның ертегілері туралы білімдерін толықтыруға мүмкіндік берді.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР