Кішкентай бетбелгі – үлкен көмек
Шахан кентіндегі №8 кітапхана-филиалының қызметкерлері «Капуста» балабақшасының тәрбиеленушілеріне арнап «Кішкентай бетбелгі – үлкен көмек» атты шығармашылық шеберлік сағатын ұйымдастырды. Кітапханашы балаларға кітап бетбелгісінің тарихы мен оның не үшін қолданылатыны туралы айтып берді. Бетбелгінің кітап оқудағы пайдасын түсіндіріп, оның түрлі пішіндері мен үлгілерін таныстырды. Бүлдіршіндер бетбелгінің қажетті бетті оңай табуға және кітапты бүлдірмей, ұқыпты ұстауға көмектесетінін білді. Шеберлік сағатының шығармашылық бөлімінде балалар дайын үлгілерді пайдаланып, өз бетбелгілерін жасауға кірісті. Әрқайсысы оларды өз қалауынша безендіріп, қиялы мен өнерін көрсетті. Дайын жұмыстарын қуана қолдарына алып, үйлеріне қайтты. Кездесу соңында балаларға әсем безендірілген балалар кітаптары ұсынылды. Бүлдіршіндер олардың суреттерін қызыға қарап, беттерін парақтап, түрлі қызықты оқиғалармен танысты. Шеберлік сағаты балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап қана қоймай, кітапқа ұқыпты қарауды үйретті. Кішкентай ғана бетбелгінің кітап оқу барысында үлкен көмекші бола алатынын ұғындырды!