Әдеби тұлғалар галереясы: Берік Шаханұлы
Әдеби портрет «Әдеби тұлғалар галереясы: Берік Шаханұлы». №16 кітапхана-филиалының қызметкерлері жасөспірімдерге арнап, қазақстандық танымал жазушы, публицист әрі аудармашы Берік Шаханұлының шығармашылығына арналған «Әдеби тұлғалар галереясы: Берік Шаханұлы» атты әдеби портрет өткізді. Іс-шара қонақтары қаламгердің өмірі мен шығармашылық жолындағы маңызды кезеңдермен танысып, туған жерге деген сүйіспеншілік пен терең психологиялық толғаныстарға толы прозасының ерекшеліктерін талқылады. Сонымен қатар жазушының таңдаулы шығармаларынан үзінділер тыңдады.