Жазғы шытырман оқиғалар

22.07.2026 14:12 Администратор библиотеки
Жазғы шытырман оқиғалар

Бұқар жырау атындағы Орталық қалалық кітапханада «Жазғы шытырман оқиғалар» атты ойын бағдарламасы өтті.
Іс-шара аясында қатысушыларға қызықты ойындар, көңілді сайыстар және топтық тапсырмалар ұсынылды. Олар «Бірінші болып тарт», «Көзіңді жұм» ойындарына қатысып, «Дәл тигіз» сайысында мергендіктерін сынады. Сонымен қатар, пластилиннен жаз тақырыбындағы әсем қолөнер бұйымдарын жасап, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Кездесу жылы әрі достық атмосферада өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй, қуаныш, жарқын әсер мен ұмытылмас естеліктер сыйлады.

 

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР