«Болашақ қол созым жерде» интерактивті ойын

31.01.2026 12:18 Администратор библиотеки
«Болашақ қол созым жерде» интерактивті ойын

30 қаңтар күні №8 кітапхана-филиалында №2 ЖББМ 5 сынып оқушыларына арналған «Болашақ жақын» атты интерактивті ойын өтті. Іс-шара барысында кітапханашы оқушыларға жасанды интеллекттің мүмкіндіктері, оның адам өміріндегі рөлі, компьютердің сурет салу қабілеті және не себепті ол адам қиялын толық алмастыра алмайтыны туралы әңгімеледі. Бағдарлама интерактивті әңгімеден, «Бағдарламашы бол» атты ойын-тренингтен және роботтар мен болашақ технологиялары жайлы кітаптарға шолудан тұрды. Шара соңында оқушылар кітапханашы-роботқа арналған өз алгоритмдерін құрастырып көрді. Аталған іс-шара балалардың технологияға деген қызығушылығын арттырып, оның білімді, логикалық ойлауды және шығармашылықты қажет ететін маңызды құрал екенін түсінуге ықпал етті.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР