«Аңызға айналған рөлдер» шығармашылық портрет
Шахан кентіндегі №8 кітапхана-филиалының қызметкерлері «Шахтинск қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-не барып, театр және киноның көрнекті актері, КСРО халық әртісі Сәбит Оразбаевтың 90 жылдық мерейтойына арналған «Аңызға айналған рөлдер» атты шығармашылық портрет өткізді. Кітапханашы өнер шеберінің өмірбаяны туралы әңгімелеп берді. Кездесуге қатысушылар актердің күрделі өмір жолы, үлкен сахнадағы қалыптасуы және қазақ өнерінің «алтын қорына» мәңгі енген рөлдері жайында мол мағлұмат алды. Кездесу соңында кітапханашы барша тыңдаушыларға мықты денсаулық пен жан жылуын тілеп, Сәбит Оразбаев сынды тұлғалардың өмірі мен еңбегі қайсарлыққа, өмірге деген сүйіспеншілікке шабыт беретінін атап өтті.