Журнал беттеріне саяхат
№8 кітапхана-филиалының қызметкерлері Шахтинск қаласының «Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ қамқорлығындағы азаматтар үшін биылғы жылы «Задоринка» қызығушылық клубы қатысушыларының алғашқы кездесуін өткізді. «Журналдар әлемінің байлығын ашамыз» атты информина мерзімді басылымдарды насихаттауға және оқырмандарды кітапхана қорының жаңалықтарымен таныстыруға бағытталды. Іс-шара аясында «Журнал беттеріне саяхат» атты әдеби шолу көрмесі ұйымдастырылды. Кітапханашы «1000 советов», «1000 советов кулинару», «Дарья», «Сваты на даче»және басқа да көпшілікке танымал басылымдарға шолу жасап өтті. Мерзімді басылымдардың қазіргі ақпарат ағынында бағдар табуға және күнделікті тұрмыстық сұрақтарға жауап алуға көмектесетініне ерекше назар аударылды. Қатысушылар журнал форматының кітапқа қарағандағы артықшылықтарын, медицина, психология және бос уақытты тиімді өткізуге арналған қызықты айдарларды талқылады. Клуб мүшелері өз талғамына сай журналды таңдап, шай үстінде пікір алмасты. Кездесу соңында кітапхана қызметкерлері қонақтарға белсенді қатысқандары үшін алғыс айтып, «Задоринка» клубының мүшелеріне көтеріңкі көңіл күй, зор денсаулық және амандық тіледі.