Ауызша журнал

03.11.2026 15:34 Администратор библиотеки
Ауызша журнал

Ауызша журнал
3 қараша күні Шахан кентіндегі №8 кітапхана-филиалының қызметкерлері Балалар өнер мектебінің оқушыларына қазақтың ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына арналған ауызша журнал ұйымдастырды. Кездесу барысында кітапханашылар оқушыларға Ыбырай Алтынсариннің өмір жолы мен қоғамдық-ағартушылық қызметі, оның қазақ халқының білім беру жүйесін, әдебиеті мен мәдениетін дамытуға қосқан өлшеусіз үлесі туралы әңгімеледі. «Өмір жолы» атты алғашқы бөлімде ағартушының өмірбаянының маңызды кезеңдері, білімге деген ұмтылысы, ұстаздық жолының қалыптасуы сөз болды. «Білім мен ағартушылық нұры» бөлімінде алғашқы қазақ мектептерінің ашылуы, оқулықтар жазуы және білім беру саласына енгізген жаңашыл идеялары кеңінен таныстырылды. Сонымен қатар «Ыбырай Алтынсарин: қазақ мектебінің негізін қалаушы және ұлы ағартушы» атты бейнеролик көрсетіліп, қатысушылардың танымын толықтыра түсті. «Кітап беттеріндегі даналық» бөлімінде оқушылар ағартушының бай әдеби мұрасымен танысты. Ал «Болашаққа бағдар болған мұра» атты соңғы бөлімде Ыбырай Алтынсариннің тағылымды идеяларының бүгінгі қоғамдағы маңызы жөнінде пікір алмасты. Іс-шара оқушылардың ұлттық тарих пен әдебиет туралы білімдерін тереңдетіп, қазақ халқының рухани құндылықтары мен тарихи мұрасына деген құрмет сезімін арттыруға бағытталды.

 

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР