Парақтан экранға: туған өлке тарихын зерттейміз
Іс-шара барысында оқушыларға туған өлке тарихын зерттеудің дәстүрлі және заманауи тәсілдері туралы ақпарат берілді. Кітаптар, тарихи фотосуреттер, архивтік құжаттар, электронды кітапханалар, цифрлық архивтер, интерактивті карталар және виртуалды ресурстардың тарихи мәліметтерді танып-білудегі маңызы түсіндірілді.
«Тарих дегеніміз не?» тақырыбында ой қозғау жүргізіліп, оқушылар тарих ұғымына байланысты өз пікірлерін білдірді.
«Дәстүрлі дерек — цифрлық мүмкіндік» интерактиві барысында қатысушылар кітап, архивтік құжат, қағаз карта, фотосурет сияқты дәстүрлі дереккөздердің заманауи цифрлық баламаларын анықтады.
«Өлкемді қаншалықты білемін?» атты өлкетану сұрақтары арқылы оқушылардың туған өлке тарихы туралы білімдері тексерілді.
«Кітап па, экран ба?» тақырыбында пікірталас ұйымдастырылып, оқушылар тарихты зерттеуде кітаптар мен цифрлық ресурстардың артықшылықтары туралы өз ойларын ортаға салды.
«Жас өлкетанушы» тапсырмасында қатысушылар туған өлкенің тарихи нысанын таңдап, оның тарихын зерттеуге арналған сұрақтармен жұмыс жасады.
Іс-шара соңында «Бүгін мен білдім...», «Мені таңғалдырғаны...», «Мен туған өлкем туралы тағы да білгім келеді...» тақырыптарында рефлексия жүргізілді.
Іс-шара барысында оқушылар туған өлке тарихын зерттеуде кітаптармен қатар электронды ресурстарды, цифрлық архивтерді, фотоматериалдарды және QR-технологияларды тиімді пайдалануға болатынын түсінді.
Іс-шара оқушылардың өлкетануға деген қызығушылығын арттырып, туған жердің тарихи-мәдени мұрасын құрметтеуге бағытталды.