Долинка (Қоңыртөбе) өткеннің ізі сақталған...
Бұқар жырау атындағы орталық қалалық кітапханада «Долинка (Қоңыртөбе). өткеннің ізі сақталған...» атты екі тілде жарық көрген библиографиялық құралдың тұсаукесері өтті. Басылымның жарық көруі қос айтулы датаға орайластырылған: Карлагтың – Қарағанды еңбекпен түзеу лагерінің құрылғанына 95 жыл және Долинка кентіндегі Саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау музейінің ашылғанына 25 жыл.
Бұл айтулы даталардың Қазақстан тарихындағы орны ерекше. Олар халқымыздың өткен жолындағы қасіретті кезеңдерді еске түсіріп, тарихты сақтаудың, өткенді ұмытпай, келер ұрпаққа тарихи-мәдени мұраны құрметтеудің маңыздылығын айқындайды.
Іс-шараға құрметті қонақтар қатысты:
- Шахтинск қаласының Мемлекеттік архивінің өкілдері – Қуанышев Бейбіт Шалабаевич пен Залялитдинова Елена Александровна ;
- архивист Горских Мария Валерьевна;
- «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау музейі» басшысының орынбасары Мукушев Талғат Мукушевич ;
- музей қорларын ғылыми қамтамасыз ету бөлімінің жетекшісі Марина Ивановна Клышникова.
Іс-шараның басты мақсаты – қатысушыларды библиографиялық басылыммен таныстыру, сондай-ақ тарихи ғылым мен өңірдің мәдени мұрасы үшін маңызы зор өлкетану материалдарын сақтау, зерттеу және кеңінен насихаттау мәселелеріне назар аудару.
Кездесу кәсіби қарым-қатынас орнатуға, тәжірибе алмасуға және кітапхана, музей мен қалалық архив арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал еткен жылы әрі достық жағдайда өтті.