Президент Жолдауы – нақты іске бағыт

29.10.2026 16:15 Администратор библиотеки
Президент Жолдауы – нақты іске бағыт

29 қазанда Шахан кентіндегі №8 кітапхана-филиалы әлеуметтік желілерде «Президент Жолдауы – нақты іске бағыт» атты ақпарат сағатын ұсынды. Жарияланымда Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауының негізгі бағыттары оқырмандар назарына ұсынылды. Мемлекет басшысы құжатта ел тәуелсіздігін нығайтуға, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға және әділетті, қуатты әрі прогрессивті Қазақстанды қалыптастыруға бағытталған басты міндеттерді айқындады. Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарына, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға, білім мен ғылымды өркендетуге, заманауи технологияларды енгізу мен цифрландыруға, сондай-ақ қоғамдық келісім мен азаматтық жауапкершілікті нығайтуға ерекше көңіл бөлінді. Ақпарат сағаты оқырмандарға мемлекет алдында тұрған өзекті міндеттерді тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар әрбір азаматтың қоғам өміріне белсенді араласуы, ел болашағына жауапкершілікпен қарауы және ортақ мақсаттарға қол жеткізу жолында бірлесе әрекет етуі маңызды екені атап өтілді.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР