Тарихтан тамыр тартқан рәміздер
28 қазанда Шахан кентіндегі №8 кітапхана-филиалы «Шахтинск қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ қызмет алушыларына арнап «Тарихтан тамыр тартқан рәміздер» атты патриоттық сағат өткізді. Іс-шара барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұранның пайда болу тарихымен, олардың мәні мен маңызымен танысты. Кітапханашы мемлекеттік рәміздердің авторлары туралы әңгімелеп, олардың ерекшеліктері мен елдің әрбір азаматы үшін маңызын түсіндірді. Қатысушылар мемлекеттік рәміздер халқымыздың тарихын, мәдениеті мен құндылықтарын бейнелейтінін, ел азаматтарын ортақ мақсатқа біріктіретінін және ұлттық сана-сезімді қалыптастыруда маңызды орын алатынын білді. Танымдық кездесу жылы әрі достық атмосферада өтті. Іс-шара барысында қатысушылар Қазақстанның мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін толықтырып, еліміздің тарихындағы маңызды кезеңдерді еске түсірді. Сонымен қатар ұлттық құндылықтарды құрметтеу мен қастерлеудің маңыздылығына тағы бір мәрте назар аударылды.