Арман елі – Қазақстан
23 қазанда Шахан кентіндегі №8 кітапхана-филиалының қызметкерлері Қазақстан Республикасы күніне орай Шахтинск қаласының Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының тәрбиеленушілеріне арналған «Арман елі – Қазақстан» атты мерекелік кеш өткізді. Кітапханашы қатысушыларды мерекемен құттықтап, айтулы күннің маңызы мен тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы маңызды кезеңдер туралы әңгімеледі. Әңгімеге қосымша ретінде ұсынылған «Менің Қазақстаным» бейнеролигі қатысушыларға еліміздің жетістіктерімен танысып, туған өлкенің сұлулығы мен халқымыздың мәдени мұрасының байлығын тағы бір мәрте тамашалауға мүмкіндік берді. Іс-шараның сәнін Н. Тілендиев атындағы балалар музыка мектебінің тәрбиеленушілері орындаған музыкалық шығармалар келтірді. Жас өнерпаздар өз таланттарын көрсетіп, өнерге деген сүйіспеншіліктерімен жиналғандарға мерекелік көңіл күй сыйлады. Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңінің әсерлі орындалуы кешке ерекше әсерлі атмосфера сыйлады. Кездесу барысында қатысушылар болашақтағы ел бейнесі туралы өз ойларымен бөлісіп, Қазақстанды қандай мемлекет ретінде көргісі келетінін және оның өркендеуіне әр адамның қандай үлес қоса алатынын талқылады. Іс-шара соңында жүргізушілер елімізге бейбітшілік, ізгілік, бірлік пен береке, Қазақстанның өркендеуін және әрбір тұрғынына бақыт тіледі.