Отбасы дәстүрге бай
11 қыркүйекте Шахан кентіндегі №8 кітапхана-филиалының қызметкерлері №2 ЖББМ 3 және 4-сынып оқушылары үшін «Отбасы дәстүрге бай» атты сабақ-ойын ұйымдастырды. Іс-шара Қазақстанда қыркүйек айының екінші жексенбісінде атап өтілетін Отбасы күніне арналды. Кездесу барысында балалар «отбасы» ұғымын қалай түсінетіндері және отбасының әр адамның өміріндегі маңызы туралы өз ойларын ортаға салды. Кітапханашы отбасылық дәстүрлердің мәні, оларды құрметтеп, сақтау және кейінгі ұрпаққа жеткізудің маңызы туралы айтып берді. Оқушылар «Еңбек әулеті», «Ата-бабамен мақтану», «Отбасылық мерекелер», «Отбасылық альбом жасау» сияқты дәстүрлермен танысты. Балалар өз отбасыларында қалыптасқан қызықты дәстүрлер туралы әңгімелеп, өзара ой бөлісті. Әсіресе отбасымен бірге кітап оқу дәстүріне ерекше назар аударылды. Оқушылар ата-аналары оқып берген кітаптарын еске түсіріп, өздеріне ұнайтын шығармалар туралы айтып берді. Балалар отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерге арналған «Біз біргеміз» танымдық мультфильмін тамашалап, «Отбасы атты планета» атты әдеби шолумен танысты.