Қазақ әдебиетін оқуға шақыру
11 қыркүйекте Шахан кентіндегі №8 кітапхана-филиалының қызметкері №2 ЖББМ 10 «А» сынып оқушылары үшін «KITAP time 2026» акциясы аясында «Қазақ әдебиетін оқуға шақыру» атты әдеби мозайка ұйымдастырды. Әдеби-танымдық іс-шара барысында оқушылар Абай Құнанбайұлы, Мұхтар Әуезов, Ілияс Есенберлин, Бердібек Соқпақбаев, Мұқағали Мақатаев, Олжас Сүлейменов және басқа да көрнекті қазақстандық қаламгерлердің шығармашылығына шолу жасады. «Классиктерде қонақта» атты әдеби викторина қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Оқушылар жазушылар, олардың шығармалары мен әдеби кейіпкерлері туралы сұрақтарға жауап беріп, «автор – шығарма» жұптарын сәйкестендірді және оқыған кітаптары туралы өз ойларымен бөлісті. Іс-шара барысында Абайдың «Қара сөздері», Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы, Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» тарихи трилогиясы, Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі және басқа да белгілі шығармалар еске алынды. Кездесу оқушыларға қазақ әдебиетінің алуан түрлі әлемімен жақынырақ танысып, көркем шығармалардан туған елінің тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтарын тануға мүмкіндік берді. Іс-шара соңында кітапханашы оқушыларды қазақстандық авторлардың шығармаларын көбірек оқуға және «Оқитын ұлт» республикалық акциясына белсенді қатысуға шақырды.(23)