Сайтқа қош келдіңіз!
9 қыркүйекте кітапхана қабырғасында «Сайтқа қош келдіңіз!» атты ақпарат күні өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – оқырмандарды «Шахтинск ОКЖ» КММ сайтымен, оның бөлімдері мен мүмкіндіктерімен таныстыру. Күні бойы кітапхана қызметкерлері оқырмандарға сайтты таныстырып, оны қалай пайдалануға болатынын және онда қаншама пайдалы ақпарат бар екенін көрсетті. Оқырмандардың назарына «Өлкетану», «Online-қызметтер», «Балалық шақ әлемі», «Іс-шаралар афишасы» және басқа да көптеген бөлімдер ұсынылды. Әсіресе оқырмандарды сайт арқылы жаңа әдебиеттермен танысу, электронды каталогтан қажетті әдебиеттерді іздеу және өлкетану материалдарымен танысу мүмкіндіктері қызықтырды. Оқырмандарға «Шахтинск ОКЖ» КММ сайтына сілтемесі бар визиткалар таратылды.