Бұл тамаша Кітаптар үйі
9 қыркүйекте Шахан кентіндегі №8 кітапхана-филиалында «Березка» бөбекжайының тәрбиеленушілеріне арналған «Бұл тамаша Кітаптар үйі» атты қызықты экскурсия өтті. Мектеп жасына дейінгі балалар балалар абонементі мен оқу залымен танысып, кітапханада өзін-өзі ұстау ережелері және кітаптарды ұқыпты пайдалану туралы білді. Сонымен қатар ертегілер әлеміне арналған викторина тапсырмаларын қызығушылықпен орындап, өз білімдерін көрсетті. Бүлдіршіндер үшін сүйікті кейіпкер – мультфильмдегі Маша қыздың келуі нағыз тосынсый болды. Ол балаларға көңілді жұмбақтар дайындап, олардың көңіл-күйін көтерді. Кездесу соңында жас қонақтар В. Сутеевтің ертегісі желісі бойынша түсірілген мейірімді «Под грибом» мультфильмін қызығушылықпен тамашалады. Экскурсия балаларға көптеген жарқын эмоциялар сыйлап, кітаптардың ғажайып әлеміне деген шынайы қызығушылықтарын оятты.