Әр халықтың тілі көркем әрі ұлы

08.09.2026 10:55 Администратор библиотеки
Әр халықтың тілі көркем әрі ұлы

 

 

      4 қыркүйек күні Шахан кентіндегі №8 кітапхана-филиалында Қазақстан халқының тілдері күніне орай 3 «А» сынып оқушылары арасында «Әр халықтың тілі көркем әрі ұлы» атты білімпаздар сайысы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар еліміздегі сан алуан тілдер мен мәдениеттер туралы мағлұмат алып, ана тілінің қадір-қасиеті мен маңызын еске түсірді. Сонымен қатар өзге халықтардың тілдерін құрметтеу, тілге деген сыйластық пен толеранттылықтың маңызы туралы ой бөлісті. Балалар «Сөзден сөзге», «Мақалды құрастыр», «Аудармашылар», «Тілді тап», «Тілге комплимент» атты қызықты сайыс тапсырмаларын белсенді орындады. Олар жұмбақтарды шешіп, ұлттық ертегілердің кейіпкерлерін еске түсіріп, өз білімдерін ортаға салды. Әсіресе «Жақсы сөзді жеткіз» ойыны балаларға ерекше ұнады. Оқушылар достық, бейбітшілік, мейірімділік пен өзара түсіністік туралы жылы сөздер айтып, ізгі тілектерін білдірді. Іс-шара қызықты әрі танымды өтіп, балалар тілдер қанша көп болғанымен, бәрімізді біріктіретін ортақ құндылық пен ортақ Отанымыз бар екенін түсінді. Ол – Қазақстан!

 

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР