Көбелектердің ғажайып әлемі

16.07.2026 15:27 Администратор библиотеки
Көбелектердің ғажайып әлемі

№11 кітапхана-филиалында бастауыш сынып оқушыларына арналған «Көбелектердің ғажайып әлемі» атты танымдық ойын ұйымдастырылды. Шара барысында кітапханашы балаларды көбелектердің алуан түрлерімен, олардың өзіндік ерекшеліктерімен, тіршілік ету ортасымен және табиғаттағы маңызымен таныстырды. Оқушылар қызықты сұрақтарға жауап беріп, танымдық тапсырмаларды орындады, жұмбақтардың шешуін тауып, көбелектер мен өзге де жәндіктер туралы кітаптарды қызыға тамашалады. Іс-шара соңында балалар табиғат аясында көбелектердің еркін қалықтап ұшуын бақылап, ерекше әсерге бөленді

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР