«Әкем – менің ең жақсы досым»

12.06.2026 16:54 Администратор библиотеки
«Әкем – менің ең жақсы досым»

Әкелер күніне орай Шахан кентіндегі №8 кітапхана-филиалының қызметкерлері №12 ЖББМ жанындағы лагерь тәрбиеленушілері үшін «Әкем – менің ең жақсы досым» атты әдеби ойын өткізді. Кітапханашылар балаларды мерекенің шығу тарихымен таныстырып, әлемнің әртүрлі елдеріндегі Әкелер күнін атап өту дәстүрлері туралы әңгімеледі. Балалар өз әкелері туралы қуана әңгімелеп, олардың мамандықтары мен қызығушылықтары жайында айтып, неліктен әкелерін ең жақсы деп санайтындарын жеткізді. Жас қатысушыларға «Әкем екеуміз – ажырамас достармыз» атты әдебиеттерге шолу ұсынылды. Балалардың ерекше қызығушылығын ойын байқаулары мен викториналар тудырды. Олар «Әкемнің мамандығы», «Әкеме көмекшімін», «Епті, күшті, тапқыр» және «Көңілді футбол» эстафеталары мен викториналарына белсене қатысты. «Кітаптағы әкелер» атты викторина да қызықты өтті. Балалар белгілі шығармалар мен мультфильмдердегі әке бейнелерін еске түсіріп, мүмкіндігінше көп кейіпкерді атауға тырысты. Іс-шара соңында балалар «Үш мысық. Әкемен теннис» мультфильмін тамашалады. Мультфильм арқылы олар ата-ананың махаббаты, қамқорлығы мен көңіл бөлудің маңызын тағы бір мәрте сезінді. Сонымен қатар, бұл туынды балалардың әкеге деген құрметін, сүйіспеншілігін және өз әкесін мақтан тұту сезімін қалыптастыруға ықпал етті. Кездесу соңында кітапханашылар балаларға әкелерін жақсы көріп, құрметтеп, әрдайым қамқор болуды тіледі. 

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР