«Біздің қастерлі рәміздеріміз» атты ойын-викторина

23.05.2026 10:57 Администратор библиотеки
«Біздің қастерлі рәміздеріміз» атты ойын-викторина

Шахан кентіндегі №8 кітапхана-филиалының қызметкерлері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында «Біздің қастерлі рәміздеріміз» атты ойын-викторина ұйымдастырды. Іс-шараға №2 ЖББМ 2 «А» сынып оқушылары қатысты. Кітапханашылар балаларға тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы мен мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранның шығу тарихы туралы айтып берді. Оқушылар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің тарихы мен маңызы» атты танымдық бейнероликті тамашалап, өз білімдерін толықтырды. Сонымен қатар, «Біз Отан рәміздерін мақтан етеміз» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, ел рәміздері жайлы әдебиеттер таныстырылды. Балалар «Барыстар» және «Тұлпарлар» топтарына бөлініп, түрлі танымдық тапсырмалар орындады. «Еліміздің басты рәміздері» викторинасында оқушылар мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін көрсетті. «Көк Ту» сайысы мен «Елтаңба құпиялары» тапсырмалары ерекше қызығушылық тудырды. Балалар қазақ тілінде Отан туралы өлеңдер оқыды.Шара соңында кітапхана қызметкерлері балаларға Отанын сүйетін, ел рәміздерін құрметтейтін азамат болып өсуге тілек білдірді.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР