Ұмытуға хақымыз жоқ
13 мамыр күні №8 кітапхана-филиалының қызметкерлері №2 ЖББМ барып, 8 «В» сыныбының оқушыларына арналған «Ұмытуға хақымыз жоқ» атты ақпараттық-танымдық сағат өткізді. Іс-шара Карлагтың 95 жылдығына орай ұйымдастырылды. Кездесу барысында кітапханашылар оқушыларға Карлаг — Қазақстандағы ең ірі еңбекпен түзеу лагерлерінің бірі екендігі, саяси қуғын-сүргін жылдарында жазықсыз жапа шеккен мыңдаған адамдардың тағдыры туралы кеңінен баяндады. Сондай-ақ тұтқындардың ауыр тұрмыс жағдайы, еңбегі және аймақтың дамуына қосқан үлесі жөнінде мәлімет берілді. Іс-шарада тарихты есте сақтау, өткенге құрметпен қарау және қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мәселелеріне ерекше мән берілді. Оқушылар «Шахтинск ОКЖ» КММ сайты арқылы ұсынылған өлкетану материалдарымен, сондай-ақ тақырыпқа қатысты әдеби және деректі дереккөздермен танысты. Соңында оқушылар өз ойларымен бөлісіп, тарихты ұмытпау — болашақ ұрпақ үшін маңызды деген пікірге келді.