Білім шамшырағы

27.02.2026 14:18 Администратор библиотеки
Білім шамшырағы

2026 жылғы 27 ақпанда Шахан кентіндегі №8 кітапхана-филиалы әлеуметтік желі парақшаларында «Білім шамшырағы» атты тарихи-танымдық сағат жариялады. Іс-шара көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, «Алаш» қозғалысының негізін қалаушы Әлихан Бөкейханның 160 жылдығына арналды. Кітапханашының мазмұнды әңгімесі арқылы оқырмандар Әлихан Бөкейханның өмірі мен қоғамдық-саяси қызметіне тереңірек үңілуге мүмкіндік алды. Ол тек ұлт азаттығы жолында күрескен қайраткер ғана емес, сонымен қатар энциклопедист-ғалым, публицист әрі ағартушы ретінде таныстырылды. Шара барысында «Алаш» қозғалысының басты ұстанымдарына, оның ұлттық мемлекет қалыптастырудағы тарихи маңызына айрықша назар аударылды. Оқырмандар Бөкейханның білім мен ғылымға, тәуелсіздік пен мемлекеттілікке қатысты көзқарастарымен танысты. Тақырыптық шолу аясында Әлихан Бөкейханның еңбектері мен оның өмір жолына арналған әдебиеттер ұсынылды. Іс-шара қатысушылардың тарихи танымын кеңейтіп қана қоймай, өткен тарих пен бүгінгі тәуелсіз Қазақстан арасындағы сабақтастықты терең сезінуге жол ашты.

 

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР