Әлихан Бөкейхан – ұлттық жаңғыру символы
№2 кітапхана-филиалының қызметкерлері әлеуметтік желілерде «Әлихан Бөкейхан – ұлттық жаңғыру символы» атты ақпараттық видеоны жариялады. Видеоматериалда ұлттық тарихтың негізгі қайраткерлерінің бірі, қоғам және саяси көшбасшы, қазақ мемлекеттілігінің және мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосқан Ә.Бөкейханның өмірі мен қызметі баяндалады. Видео танымдық сипатқа ие болып, Әлихан Бөкейхан тұлғасы, оның идеялары және ел тарихындағы рөлі туралы білімді кеңейтуге бағытталған.