Сиқырлы сағаттардың сақшысы
№ 1 кітапхана-филиалының қызметкері Евгений Львович Шварцтың (1896–1958) өмірі мен шығармашылығына арналған «Сиқырлы сағаттардың сақшысы» атты әдеби визитка дайындады. Бұл бейнежазбада кітапханашы сіздерді орыс әдебиетіндегі әйгілі жазушылар мен ертегі-драматургтердің бірі Евгений Шварцтың ғажайып әлемімен таныстырады.
Евгений Шварц сиқырлы оқиғаларды өмірлік тағылымдармен ұштастыра отырып, жақсылық, адалдық, достық, әділдік және өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау туралы терең ой қозғайтын шығармалар жазды. Сіздер жазушының өмірбаяны туралы қызықты деректермен танысып, оның «Екі ағайынды», «Жоғалған уақыт туралы ертегі», «Ақшақар патшайым», «Айдаһар» атты әйгілі шығармалары туралы біле аласыздар.
Бұл ғажайып шығармалар бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Олар уақытты бағалауға, мейірімді әрі жанашыр болуға, өзгенің қайғысына бейжай қарамауға, ар-ұят пен әділдікті әрдайым есте сақтауға үйретеді. Әдеби визиткада кітапханамыздың қорындағы Е. Л. Шварцтың кітаптары да таныстырылады.
Сіздерді әрбір ертегінің астарында маңызды өмірлік мән жатқан Евгений Львович Шварц шығармаларының сиқырлы әлемін бүкіл отбасыңызбен бірге ашуға шақырамыз!