Рухани мұраны жаңғырту
№1 кітапхана-филиалының кітапханашысы Рухани келісім күніне орай №7 ЖББМ жоғары сынып оқушыларына «Рухани мұраны жаңғырту» тақырыбында пікір алмасу сағатын өткізді. Кездесу барысында оқушылар рухани құндылықтарды сақтау, ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу және әртүрлі халықтардың мәдениетіне құрметпен қарау мәселелерін талқылады. Сонымен қатар достық, толеранттылық, өзара түсіністік пен этносаралық келісімді нығайтудың маңыздылығы сөз болды. Іс-шара жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік пен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға, сондай-ақ Қазақстанның рухани мұрасына деген құрметті арттыруға бағытталды.