Бағдаршам және оның достары
№7 ЖББМ-нің 1 «А» сынып оқушыларына «Бағдаршам және оның достары» атты жағдаяттық ойын өткізілді.
Іс-шара барысында балалар бағдаршамның сигналдарын және жолдан қауіпсіз өту ережелерін еске түсіріп, С. В. Михалковтың «Бездельник-светофор» атты өлеңімен танысты.
Балалар «Болады — болмайды», «Сен не істер едің?», «Бағдаршамның сиқырлы дорбасы» және «Жол белгілері» ойындарына қатысып, жаяу жүргіншілердің жолдағы тәртіп ережелері мен жол белгілерінің маңызын бекітті.
Іс-шара соңында қатысушылар «Өзіңді тексер» ойынының сұрақтарына жауап беріп, негізгі ережені тағы бір рет қайталады: «Тоқта — жан-жағыңа қара — жолдың қауіпсіз екеніне көз жеткіз — содан кейін ғана өт!»