Кітап алақанында

10.09.2026 11:37 Администратор библиотеки
Кітап алақанында

№1 кітапхана-филиалында «Кітап алақанында» халықаралық акциясы аясында «Библиоша» клубының мүшелері мен «Салтанат» балабақшасының мектепалды даярлық топтарының тәрбиеленушілеріне арналған «Сиқырлы беттер» атты ертегі сағаты өтті.
Балалар Елена Ульеваның «Батылдық пен өзіне деген сенімділікке арналған пайдалы ертегілер» шығармасымен танысып, ертегіні тыңдады, сұрақтарға жауап беріп, оның мазмұны бойынша ойын тапсырмаларын орындады.
Ертегі кейіпкерлерімен бірге балалар батылдық, өзіне деген сенімділік, мейірімділік және өзара көмек туралы ой бөлісті.
Іс-шара соңында балалар кітапханада ұсынылған балалар кітаптарымен танысты.
Іс-шара қызықты әрі танымды түрде өтіп, мектеп жасына дейінгі балалардың заманауи балалар әдебиеті мен кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.

 

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР