Кітапхана — ертегілер мекені
№ 1 кітапхана-филиалында «Салтанат» балабақшасының мектепалды тобына арналған «Кітапхана — ертегілер мекені» атты экскурсия өткізілді.
Кішкентай қонақтар кітаптардың ғажайып әлеміне саяхат жасап, кітапханамен танысты. Кітапханашы балаларға кітап сөрелерінде қандай кітаптар орналасқанын айтып, түрлі-түсті балалар басылымдарымен, ертегілермен және ең кішкентай оқырмандарға арналған әдебиет жаңалықтарымен таныстырды.
Мектепалды топ тәрбиеленушілері жарқын безендірілген кітаптарды қызығушылықпен қарап, өздерінің сүйікті ертегі кейіпкерлерін еске түсірді және кітаптарды қалай дұрыс күтіп ұстау керектігін білді. Сонымен қатар балалар кітапханадағы кітап көрмелерімен және түрлі тақырыптағы кітаптар топтамаларымен танысты.
Экскурсия балаларға көптеген жарқын әсер мен жағымды эмоция сыйлады. Кездесу соңында бүлдіршіндер кітапханаға қайта келіп, кітаптар мен ертегілердің ғажайып әлемімен танысуды жалғастыруға шақырылды.