Қазақстанның тілдік көптүрлілігі

03.09.2026 16:31 Администратор библиотеки
Қазақстанның тілдік көптүрлілігі

Қазақстан халқы тілдері күні қарсаңында № 7 ЖББМ-нің 7-сынып оқушыларымен «Қазақстанның тілдік көптүрлілігі» атты ақпараттық-танымдық сағат өтті.
Кездесу барысында оқушылар тілдің адам өміріндегі маңызы мен халықтың мәдениетін, салт-дәстүрлері мен тарихи мұрасын сақтаудағы ерекше рөлі туралы әңгімелесті. Оқушылар әлем тілдері туралы қызықты мәліметтермен танысып, тілдік алуантүрліліктің ерекшеліктері туралы білімдерін толықтырды және танымдық ойындар мен тапсырмаларға белсене қатысты.
Балалар әртүрлі тілдердегі амандасу сөздерін қызығушылықпен тауып, мақал-мәтелдерді еске түсіріп, жалғастырды, олардың мағынасын түсіндірді. Сонымен қатар бір сөздің бірнеше түрлі мағынаға ие болатынын білді.
Іс-шара оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, әрбір тілдің халықтың тарихы, мәдениеті мен рухани құндылықтарын бейнелейтін бірегей әлем екеніне тағы бір мәрте көз жеткізуге мүмкіндік берді.

 

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР