Ұлы ойшыл, дара ақын

08.08.2026 12:10 Администратор библиотеки
Ұлы ойшыл, дара ақын

№1 кітапхана-филиалының қызметкері Абай күніне орай ұлы ақын, философ, ағартушы Абай Құнанбайұлының 181 жылдығына арналған «Ұлы ойшыл, дара ақын» атты әдеби қонақжай өткізді. Іс-шара барысында кітапханашы қатысушыларды Абай Құнанбайұлының өмір жолы мен сан қырлы шығармашылық қызметімен таныстырып, оның қазақ әдебиеті, мәдениеті және ұлттық руханиятының дамуына қосқан өлшеусіз үлесі туралы әңгімеледі. Әдеби қонақжайда Абайдың өлеңдері оқылып, оның сөзіне жазылған әндер шырқалды. Сондай-ақ терең философиялық ойларға, өмірлік даналық пен адамгершілік тағылымға толы әйгілі «Қара сөздерінен» үзінділер оқылды. Іс-шара соңында «Абай туралы не білемін?» атты викторина өткізіліп, «Абай жаққан бір сәуле…», «Қара сөз», «Өкінішті көп өмір кеткен өтіп…»,, «Таңдамалы: Өлеңдер. Поэмалар» және ақынның бай әдеби мұрасын танытатын басқа да басылымдарға библиографиялық шолу жасалды.

 

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР