«Кітап сыйлау күні» акциясы
№16 кітапхана-филиалының ұжымы «Кітап сыйлау күні» атты акция ұйымдастырды. Күні бойы оқырмандар өз кітаптарын әкеліп, кітапхана қорына тарту етті. Сыйға ұсынылған кітаптардың қатарында көркем шығармалар, ертегілер, тарих пен экология тақырыбындағы әдебиеттер, сондай-ақ аспаздық пен салауатты өмір салтына арналған басылымдар бар. Әрбір сыйланған кітап кітапхана қорының толығуына үлес қосып, жаңа оқырмандарын табатыны сөзсіз.