«Сиқырлы түрленулер зертханасы» Fusion зертханасы
№16 кітапхана-филиалының қызметкерлері «Сиқырлы түрленулер зертханасы» Fusion зертханасын өткізді. Балалар түрлену құбылысымен ертегілер мен ғылыми тәжірибелер арқылы танысты. Іс-шара барысында келесі тәжірибелер мен эксперименттер жүргізілді: «Золушка» (ерітінділердің түсін өзгерту тәжірибелері), «Русалочка» (су және жүзгіштікке байланысты эксперименттер), «Гадкий утёнок» (тұқымдар мен кристалдардың өсуін бақылау), «Лягушка-царевна» (индикаторлар мен сұйықтықтардың тығыздығына қатысты тәжірибелер), «Аленький цветочек» (өсімдіктерді бояу және жарық сүзгілерімен жұмыс). Балалар шығармашылық тапсырмалар орындап, бояма суреттерді бояды. Іс-шара балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын, қиялын және танымдық қабілеттерін дамытуға ықпал етті, сондай-ақ ертегідегі сиқыр мен нақты ғылыми құбылыстардың өзара байланысын көрсетті.