Виртуалды әлем немесе менің сүйікті интернетім
«Виртуалды әлем немесе менің сүйікті интернетім» ақпараттық сауаттылық сабағы. №16 кітапхана-филиалының қызметкерлері оқушыларға арналған «Виртуалды әлем немесе менің сүйікті интернетім» атты ақпараттық сауаттылық сабағын өткізді. Іс-шара барысында оқушылар интернет әлеміне интерактивті саяхат жасап, жеке мәліметтерді қорғау жолдарымен танысты. Сондай-ақ зиянды ақпаратты ажыратуды, желіде қауіпсіз әрекет етуді және онлайн қарым-қатынас кезінде әдеп сақтау ережелерін үйренді. Кездесу соңында көңілді викторина ұйымдастырылып, оқушылар өздерінің цифрлық сауаттылығы мен білімдерін көрсетті. Олар интернетті қауіпсіз әрі тиімді пайдаланудың маңызын түсінді.