Жаса мәңгі, менің Республикаым!

24.10.2026 09:18 Администратор библиотеки
Жаса мәңгі, менің Республикаым!

№16 кітапхана-филиалында «Жаса мәңгі, менің Республикаым!» атты әңгіме өткізілді. Жас оқырмандармен бірге Қазақстанның бай тарихына саяхат жасап, кең-байтақ даламыз бен есімдері ел тарихында мәңгі сақталған ұлы бабаларымыз туралы әңгімелестік. Балалар тарихи викторинаның сұрақтарына белсенді жауап беріп, туған өлкесінің сүйікті мекендері туралы мақтанышпен бөлісті. Сонымен қатар олар Отанымыздың жарқын болашағын қалай елестететіндері жайлы ойларын ортаға салды.

 

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР