Сафари-саяхат: ақпарат іздеушілер
№16 кітапхана-филиалының қызметкерлері «Сафари-саяхат: ақпарат іздеушілер» атты ақпараттық сауаттылық сабағын өткізді. Қызықты ойын түрінде өткен сабақ барысында балалар интернеттегі жалған ақпаратты ажыратуды үйреніп, компьютерді қауіпсіз пайдалану ережелерін меңгерді және қажетті мәліметтерді тиімді іздеу тәсілдерімен танысты. Сондай-ақ жас қатысушылар «Шахтинск ОКЖ» КММ сайтының «Балалық шақ әлемі» атты пайдалы бөлімімен танысты.