Журнал оқысаң, көп білесің

20.10.2026 16:09 Администратор библиотеки
Журнал оқысаң, көп білесің

«Журнал оқысаң, көп білесің»  кітапханалық сабақ. №16 кітапхана-филиалының қызметкерлері №11 ЖББМ КММ 4-сынып оқушыларына «Журнал оқысаң, көп білесің» атты кітапханалық сабақ өткізді. Сабақ барысында балалар мерзімді басылымдар ұғымымен танысып, түрлі-түсті журналдарды қызығушылықпен парақтады. Табиғат, тарих және ғылым туралы мақалалардың мектептегі білімдерін толықтыруға көмектесетінін білді. Оқушылар ребустар шешіп, журналдардың қызықты айдарларын іздеді. Сонымен қатар «Балаларға  арналған басылымдар» атты мерзімді басылымдар көрмесі ұйымдастырылды. 

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР