Қайдан оқуға болады? Қалай жүктеп алуға болады?

20.10.2026 11:32 Администратор библиотеки
Қайдан оқуға болады? Қалай жүктеп алуға болады?


«Қайдан оқуға болады? Қалай жүктеп алуға болады?» ақпараттық сауаттылық сабағы. №16 кітапхана-филиалының қызметкерлері №11 ЖББМ оқушыларына «Қайдан оқуға болады? Қалай жүктеп алуға болады?» тақырыбында ақпараттық сауаттылық сабағын өткізді. Сабақ барысында оқушылар кітапханалар жүйесінің цифрлық қызметтері мен электрондық ресурстары туралы мағлұмат алды. Олар қажетті кітаптарды жылдам табуға көмектесетін электрондық каталогпен, смартфон арқылы әдебиеттерді оқуға және жүктеп алуға мүмкіндік беретін мобильді кітапхана мен электрондық кітаптармен, сондай-ақ қашықтан кеңес алуға арналған виртуалды анықтама қызметімен танысты. Іс-шара оқушылардың ақпаратты іздеу және пайдалану дағдыларын дамытуға, сондай-ақ «Шахтинск ОКЖ» КММ цифрлық қызметтерін тиімді қолдану мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталды.

 

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР