Экоgame

23.09.2026 14:10 Администратор библиотеки
Экоgame

№16 кітапхана-филиалының қызметкерлері жастарға арналған «Экоgame» викторина-ойынын өткізді. Бірінші кезеңде қатысушылар пластик және оны қайта өңдеу туралы сұрақтарға жауап берді. Екінші кезеңде халық мақалдарын экологиялық мазмұнға сай түсіндіріп, аударды. Үшінші кезеңде топ капитандары қалдықтарды тиісті контейнерлерге сұрыптады. Төртінші кезеңде «Жасыл мектеп» туралы кейсті талқылап, оңтайлы шешім ретінде қалдықтарды бөлек жинауды таңдады. Ойын барысында қатысушылар экология туралы білімдерін бекітіп, оларды іс жүзінде қолдануды үйренді және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау күнделікті қарапайым әрекеттерден басталатынына көз жеткізді. Сонымен қатар «Баршаға арналған экология» атты әдебиеттерге шолу ұйымдастырылды.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР