Анам, әкем, гаджет және мен – тату отбасымыз
10 қыркүйекте Отбасы күні қарсаңында №16 кітапхана-филиалында «Белсенді аналар» клубының мүшелеріне арналған «Анам, әкем, гаджет және мен – тату отбасымыз» атты коучинг өтті.
Кездесу барысында гаджетке тәуелділіктің пайда болу себептері мен оның алғашқы белгілері, цифрлық деменцияның есте сақтау қабілеті мен ойлау жүйесіне әсері туралы маңызды мәселелер қозғалды. Сондай-ақ отбасылық құндылықтарды сақтаудың, жақындарға көңіл бөлудің және шынайы қарым-қатынасты нығайтудың маңыздылығы талқыланды. Қатысушылар гаджеттерді өмірдің басты құралына айналдырмай, керісінше пайдалы көмекші ретінде тиімді пайдаланудың қарапайым жолдарымен танысты. Өзара пікір алмасу барысында аналар жеке тәжірибелерімен бөлісіп, күнделікті әдеттерін талқылап, экран уақытын пайдалы әрі қызықты іске айналдырудың мүмкіндіктерін қарастырды. Олардың қатарында тіл үйрену, шығармашылықпен айналысу және жақындарымен байланыс орнату сияқты пайдалы әрекеттер бар. Кездесу соңында қатысушылар виртуалды және шынайы әлем арасында дұрыс тепе-теңдік сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Балалар мен ересектер гаджеттерді саналы түрде пайдаланып, уақытты пайдалы өткізуге, отбасымен көбірек қарым-қатынас жасауға және өмірдің шынайы қуаныштарын бағалауға ұмтылуы керек деген ортақ пікірге келді.