Сәлем, кітап әлемі!

10.09.2026 12:07 Администратор библиотеки
Сәлем, кітап әлемі!

№16 кітапхана-филиалында 4-сынып оқушылары үшін «Сәлем, кітап әлемі!» атты қызықты экскурсия ұйымдастырылды. Балалар кітапхана әлеміне саяхат жасап, оның бөлімдерімен танысып, жаңа кітаптар мен басылымдарды тамашалады. Оқушыларды түрлі-түсті энциклопедиялар, көркем әдебиеттің жаңа туындылары мен балаларға арналған танымдық журналдар ерекше қызықтырды. Кітапхана қызметкерлері оқырмандарға кітапхана қорына жаңадан келіп түскен кітаптар мен балалар мерзімді басылымдарының жаңа нөмірлері туралы айтып берді. Экскурсия интерактивті бағдарламаға ұласып, балалар шығармашылық байқауларға белсенді қатысып, әдеби викторина сұрақтарына қызығушылықпен жауап берді. Кездесу балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, жаңа әрі пайдалы ақпараттармен толықты. Кітап әлеміне қызығушылық танытқан жас оқырмандарды кітапханамызда әрдайым қуана қарсы аламыз!

 

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР