Менің әлемім – менің отбасым

09.09.2026 15:37 Администратор библиотеки
Менің әлемім – менің отбасым

«Менің әлемім – менің отбасым» әңгіме-сұхбат. 8 қыркүйекте №16 кітапхана-филиалының қызметкерлері қалың оқырман қауымға арналған «Менің әлемім – менің отбасым» атты әңгіме-сұхбат өткізді. Кездесу барысында қатысушылар халық мақал-мәтелдерін еске түсіріп, Абай Құнанбайұлының тәрбие мен адал еңбек туралы ойларын талқылады. Сонымен қатар отбасылық дәстүрлерімен бөлісіп, «Әлемдік және қазақ классикасындағы отбасылық байланыстар» атты викторинаға қатысты. Қатысушылар «Әдеби дәйексөздер жинағы» тапсырмасын орындап, өз білімдерін ортаға салды. Кездесу соңында махаббат пен отбасылық жылулықты жырлайтын өлең жолдары оқылып, отбасылық дәстүрлер мен бірліктің маңыздылығы атап өтілді.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР