Тіл детективі

08.09.2026 11:51 Администратор библиотеки
Тіл детективі

«Тіл детективі» ойыны. №16 кітапхана-филиалының қызметкерлері №11 ЖББМ оқушылары арасында «Тіл детективі» атты қызықты ойын өткізді. Командалар алты кезеңнен өтіп, өздерінің сауаттылығын, логикалық ойлау қабілетін және байқампаздығын көрсетті. Оқушылар құпия шифрларды шешіп, синонимдерден «айғақтар» тауып, хаттамалардағы қателерді түзетіп, қызықты әрі мазмұнды детективтік оқиғалар құрастырды. Барлық тапсырмалар сәтті орындалып, детективтік іс жабылды! Ойын қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға «Жоғары дәрежелі детективтер» атағы берілді. 

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР