Карлаг: ұмыт болған түнектен

17.07.2026 16:51 Администратор библиотеки
Карлаг: ұмыт болған түнектен


«Карлаг: ұмыт болған түнектен» өлкетану досьесі. №16 кітапхана-филиалының қызметкерлері саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған «Карлаг: ұмыт болған түнектен» атты өлкетану досьесін ұйымдастырды. Іс-шара барысында қатысушылар Долинка кентіндегі Карлаг лагерінде жазықсыз қамауға алынған көрнекті тұлғалардың – ғалым, жазушы және суретшілердің (А. Чижевский, Н. Сац, Л. Русланова, В. Эйферт, Г. Фогелер) тағдырларымен танысты. Адам төзгісіз жағдайда өмір сүрсе де, олар өздерінің рухани күшін, шығармашылық қабілетін және мамандығына деген адалдығын сақтап қалғаны туралы айтылды. Кездесу барысында лагерь тұтқындарының естеліктері оқылып, қатысушыларға «Карлаг және адам тағдырлары» атты әдебиеттер көрмесі таныстырылды. Сонымен қатар  «Шахтинск ОКЖ» КММ сайтының «Өлкетану» бөлімі таныстырылып, онда Карлагтың тарихы туралы мол ақпарат алуға болатыны көрсетілді. Іс-шара саяси қуғын-сүргін құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алумен аяқталды.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР