Кітаптар еліндегі жаз
№16 кітапхана-филиалының қызметкерлері «Кітаптар еліндегі жаз» атты ақпарат күні өткізілді. Іс-шара барысында балаларға жазғы демалыста оқуға ұсынылатын жаңа кітаптар мен танымал кітап топтамалары таныстырылды. Қатысушылар қызықты викторина мен квестке қатысып, «Кітаптар елінің мамандықтарын» ойлап тауып, оның елтаңбасын салып, ұранын құрастырды. Шара ойын әрі шығармашылық форматта өтіп, балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға және танымдық қабілеттерін дамытуға ықпал етті. Сондай-ақ «Буквомикс: жаңа кітаптар» атты әдебиеттерге шолу ұйымдастырылды. Балалар жаңа кітаптармен және олардың авторларымен танысып, араласқан әріптерден жазушылардың есімдері мен кітап атауларын құрастыруға арналған «Буквомикс» ойынына белсене қатысты. Ойын зейін мен есте сақтау қабілетін дамытып, әдеби дүниетанымдарын кеңейтті. Іс-шара аясында «Буквомикс: жаңа кітаптар» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, оқырмандар назарына кітапхана қорына жаңадан түскен әдебиеттер ұсынылды.