Кітапқа апарар соқпақ
№16 кітапхана-филиалының қызметкерлері мектеп жанындағы лагерьге арналған «Кітапқа апарар соқпақ» эскейп-рум өткізді. Қатысушылар түрлі тапсырмаларды орындап, жұмбақтар, ребустар мен белгілі шығармалардан үзінділерді тауып, авторлар мен кейіпкерлерді анықтады. Барлық кезеңдер сәтті аяқталып, финалда балалар «сиқырлы кітапты» — жеңіс пен достықтың символын тапты. Іс-шара қызықты әрі белсенді атмосферада өтіп, оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырды. Балалар жазушылар мен олардың шығармалары туралы жаңа мәліметтер алды. Соңында «Қызықты кітаптармен дос бол» атты әдеби көрме ұсынылды.