Fusion зертханасы «Ғылыми зерттеу: ертегілер микроскоп астында»
№16 кітапхана-филиалының қызметкерлері жоба аясында «Ғылыми зерттеу: ертегілер микроскоп астында» атты Fusion зертханасын өткізді. Іс-шара барысында балалар ертегі кейіпкерлері мен заттарын ғылым көзімен зерттеді. Жәндіктер туралы ертегілер — «Шыбынбике-шыбынгул», «Инелік пен құмырсқа», «Майя арасы» шығармалары негізінде оқушылар қанаттардың құрылысы, хитин қабығы, көздерінің ерекшелігі мен бал ұялары туралы мағлұмат алды. Сабақ балалардың қиялы мен ғылыми білімін ұштастырып, биология мен әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға көмектесті.