«Қуғын-сүргіннің қасіретті беттері» атты тарихи экскурc

22.05.2026 13:59 Администратор библиотеки
«Қуғын-сүргіннің қасіретті беттері» атты тарихи экскурc

№16 кітапхана-филиалының қызметкері саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай №11 ЖББМ КММ-нің 9-сынып оқушыларына арналған «Қуғын-сүргіннің қасіретті беттері» атты тарихи экскурc өткізді. Іс-шара барысында жүргізуші оқушыларға өткен тарихтың ауыр кезеңдерін еске салып, 1931 жылы Қарағанды облысында құрылған ГУЛАГ жүйесіндегі ең ірі лагерьлердің бірі — Карлаг туралы айтып берді. Сондай-ақ, лагерь қабырғасынан мыңдаған адамдардың, соның ішінде ғалымдар, жазушылар, әйелдер мен балалар, түрлі ұлт өкілдерінің өткенін атап өтті. Шара соңында оқушылар назарына «Карлаг: естелік беттері» атты әдебиеттер көрмесі ұсынылды.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР