Отбасы күніне арналған «Болашақты бірге бастайық» коучингі
Отбасы күніне арналған «Болашақты бірге бастайық» коучингі. №16 кітапхана-филиалының қызметкері жастарға арналған «Болашақты бірге бастайық» атты коучинг өткізді. Коучинг барысында қатысушылар болашақ туралы пікірталасқа қатысып, отбасылық құндылықтардың мамандық таңдауға, қарым-қатынас құруға және өмірдегі жетістікке әсері жайында ой бөлісті. Сонымен қатар интерактивті тапсырмалар орындап, топпен жұмыс жасады. Бұл тапсырмалар оқушыларға өз отбасындағы жақсы қасиеттерді анықтап, оларды болашақ өмірлерінде қолдануға деген көзқарастарын қалыптастыруға мүмкіндік берді. Қатысушылар өз отбасыларының ерекше дәстүрлері мен әдеттері туралы айтып, олардың тұлға болып қалыптасудағы маңызын атап өтті. Коучингтің әдеби бөлімінде кітапханашы отбасы тақырыбына арналған кітаптар мен әңгімелерді таныстырды. Ол көркем әдебиеттің туыстық байланыстардың қадірін тереңірек түсінуге көмектесетінін ерекше атап өтті.