«Балалар концлагерьлерінің трагедиясы» атты әңгімелесу
13 мамыр күні №16 кітапхана-филиалының қызметкерлері №11 ЖББМ КММ 6-сынып оқушылары үшін «Балалар концлагерьлерінің трагедиясы» атты әңгімелесу өткізді. Іс-шара фашистік лагерьлердің кәмелетке толмаған тұтқындарын еске алуға арналды. Жүргізуші балалардың Саласпилс, Освенцим, Майданек, Терезиенштадт және басқа да концлагерьлердегі тағдырлары туралы баяндады. Қатысушылар куәгерлердің естеліктерін оқып, қатыгез медициналық тәжірибелер, аштық пен ауыр азаптар туралы деректермен танысты. Балалардың үміт символы ретінде сақталған суреттері мен өлеңдеріне ерекше назар аударылды. Қорытынды бөлімде бұл қасіретті ұмытпай сақтау және жас ұрпақ бойында адамгершілік пен гуманизмді тәрбиелеудің маңызы атап өтілді.